«Ойбай дейсіздер»: актриса Ақнұр Рахат алғаш рет төсек сахнасына түскенін айтты

Жарияланды 2 Наурыз 2026 09:47

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ақнұр Рахат / фото: instagram

Қазақстандық актриса Ақнұр Рахат жеке өмірі мен шығармашылығы туралы Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында ашық айтты. 21 жасында тұрмыс құрып, некесі сәтсіз болған Ақнұр Рахат бүгінде тұрмыс құру жайлы нақты жоспар жоғын айтып, басты назарын өз дамуына аударып отырғанын жеткізді.

«Білмеймін, ол туралы ойламадым да. Қазір көп фокусты өзіме қойып жатырмын. Өзімде қатыгез болып бара жатырмын ба, білмеймін, қорқыныш та бар», – деді актриса.

«Тұз» сериалындағы батыл қадам

Актриса шығармашылық жолындағы жаңа образына да тоқталды. «Тұз» сериалында алғаш рет төсек сахналарына түскенін айтты.

«Актерлік мансабымдағы алғашқы төсек сахналарым. Қобалжу бар. «Ойбай» дейсіздер ғой», – деп ағынан жарылды ол.

Сонымен қатар актриса кино түсіріліміндегі сүйісу сахналары экранда көрінгендей әсерлі бола бермейтінін айтты. Оның айтуынша, түсірілім алаңында камера, жарық, режиссерлік нұсқаулар секілді көптеген техникалық деталь бар, сондықтан романтикалық сәттердің өзі кәсіби жұмыс процесінің бір бөлігіне айналады.

Бұған дейін, Ақнұр Рахат «Мұнай», «Жұмбақ қыз», «Бір үйдің балалары» сынды туындыларға түскен

Еске сала кетейік, бұған дейін актер Азамат Сатыбалды «Қазақфильмнен» қудаланғаны туралы айтты.

Сондай-ақ оқыңыз