
Меруерт Түсіпбаева «қара тізім» туралы сұхбат беруден бас тартып отыр. Басындағы жағдайда айтса, елден кетуге тура келетінін жасырмады.
Ол әлеуметтік желіде журналистермен жазысқан хатын жария етті. Онда былай деп жазылған:
«Мен сізге интервью берсем, жағдайым одан әрі қиындап, эммиграция туралы ойлануға тура келеді. Бәлкім, бір кездері бұл құпияны ашып айта алармын. Бірақ қазір емес».
Түсірімге шақырған телеарналарға да бәрібір оны эфирден алып тастайтынын айтып, бас тартқан. Өйткені, әншінің айтуынша, ондай жағдай жақында ғана болған көрінеді.
«Мені алып тастаған шығар. Мен қара тізімдемін. Көңіліңе рахмет. Таңшолпан түсіріп, алып тастады», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Мұның астына әнші «Үкібайсыз да ел болғанбыз» деп жазба қалдырған.
Айта кеткетін жайт, жақында танымал әншінің әкесі қайтыс болған еді.