«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» көрмесі өтіп жатыр

Жарияланды 6 Наурыз 2026 11:54

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам" көрмесі өтіп жатыр
фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы музейінде «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрме ашылды. Ол 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған.

Мегаполис музейіндегі экспозиция қазақ әйелдерінің ел тарихы, мәдениеті мен өнеріндегі ерекше рөлі туралы баяндайды, деп таратты Алматы әкімдігі.

Мұнда көрнекті өнер иелеріне тиесілі жеке заттар, сахналық костюмдер, архивтік фотосуреттер, құжаттар мен портреттер ұсынылған.

Олардың қатарында Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Мәдина Ералиева және Сәуле Жанпейісова бар.

Көрме 12 наурызға дейін жалғасады. Мереке күндері музейге барып, қазақ өнерінің аңызға айналған әйелдерінің мұрасымен жақынырақ танысуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз