Олжас Абаймен Голливудта жүрген Бадықова өзіне тас атқандарға тіл қатты

Жарияланды 11 Наурыз 2026 16:19

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Актерлер Дариға Бадықова мен Олжас Абай қазіргі уақытта АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жүр.

Бадықова желідегі парақшасында әлемге әйгілі Hollywood-тың фонында тұрып арманы орындалғанын жеткізді. Сыртынан сөз айтатындарға ерегесе түсетінін, өзін ештеңе тоқтата алмайтынын атап өтті.

«Тастардан баспалдақ жасап келемін…»

Одан бөлек өзін сынаушыларға қарата төмендегідей сөз айтты.

Маған тас атқандар бар, бірақ мен сол тастардан баспалдақ жасап келемін», – деп жазды актриса.

Сонымен қатар, ол жетістік армандаумен ғана емес, ішкі және сыртқы әңгімелердің, еңбектің арқасында келетінін атап өтіп, оқырмандарына да осындай сапарды нәсіп етсін деген тілегін білдірді.

«Таптым-ау сені 3» фильмінің тұсаукесері жақын

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының соңында актерлер Голливудқа жұмыс сапарымен барғанын жазған едік. Бұл сапар жаңа жобалардың бастамасы болуы әбден мүмкін.
Қазіргі уақытта шығармашылық жұп өздерінің жаңа туындысы «Таптым-ау сені» фильмінің үшінші бөлімін жарнамалау үстінде. Бұған дейін олар көрермендер арасында автокөлік ұтысын да жариялаған еді.

«Таптым-ау сені 3» фильмі 26 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз