Боксшы Жанқош Тұраровтың төртінші қызы дүние есігін ашты

Жарияланды 12 Наурыз 2026 11:04

Торғын Қабен

Торғын Қабен

фото: видеодан скрин

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың шаңырағында сүйінші жаңалық бар. Күні кеше спортшы қызды болды.  

Мұндай жаңалықты блогер Нәзира Зәру Instagram парақшасының stories бөліміне сүйіншілеп салды. «Жанқош пен Кларита төртінші рет ата-ана атанды бүгін. Бауы берік болсын! Ал менің үшінші қызым дүниеге келді», – деп жазып, өзінің кіндік шеше болғанын атап өтті.

Көпбалалы әке атанған спортшы да, жұбайы да әзірге бұл жаңалық туралы өз парақшаларына салып жарияламады. Жанқош пен Клараның Алиана, Ханна және Ясина деген үш қызы бар еді. Енді өмірге екеуінің төртінші сәбиі келіп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жанқош Тұраровтың рухани даму жайлы пост салып, Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Нұралы Әлиевпен «сана биігінде» жолыққаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз