
АҚШ-та әлемдік кинематографияның ең беделді марапаты «Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. 16 наурызға қараған түні өткен кешті белгілі америкалық комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайен жүргізді.
2026 жылғы бәйгеде шоқтығы биік бірнеше туынды Академияның жоғары бағасына ие болды.
Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар
Биылғы салтанатты кеште Пол Томас Андерсонның туындысы мен Райан Куглердің жобасы басты фавориттер қатарынан көрінді. Негізгі санаттар бойынша жүлдегерлер тізімі мынадай:
- Үздік режиссер: Пол Томас Андерсон («Шайқас артынан шайқас»);
- Үздік фильм: «Шайқас артынан шайқас»
- Үздік ер адам рөлі: Майкл Б. Джордан («Күнәхарлар»);
- Екінші пландағы үздік әйел рөлі: Эми Мэдиган («Орудия»);
- Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Шон Пенн («Шайқас артынан шайқас»).
Техникалық және өзге де санаттар
«Оскар» кешінде «Франкенштейн» туындысы визуалды бейне мен дизайн бағытында көш бастаса, анимация саласында «Кей-поп-охотницы на демонов» фильмі қос бірдей мүсіншені (үздік фильм және үздік ән) қанжығасына байлады.
Сондай-ақ «Белгісіз мырза Путинге қарсы» (Mr. Nobody Against Putin) туындысы үздік деректі фильм атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін британдық BAFTA киноакадемиясы да «Шайқас артынан шайқас» фильмін үздік деп таныған еді.