18 наурыз – Ұлттық киім күні

Жарияланды 18 Наурыз 2026 08:46

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Фото:ЖИ

Наурыз мейрамының онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып белгіленген. Бұл күн – бабалар мұрасын жаңғыртып, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке. Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде, әсіресе Алматы қаласында мәдени іс-шаралар мен сән көрсетілімдері кең көлемде атап өтілмек.

18 наурыз: Мерекелік іс-шаралар кестесі

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл күні қызықты бағдарламалар өте көп:

10:00 – Мұрағаттағы мұра: Мемлекеттік архивте (Чуланов көшесі, 159) «Ұлттық киімді дәріптеу» атты көрсетілім өтеді. Мұнда тарихи жәдігерлер мен заманауи үлгілерді тамашалауға болады.

11:00 – Сән мен салт:

Alatau Creative Hub орталығында «Этно-Fashion» көрсетілімі өтіп, ұлттық стильдегі жаңа топтамалар таныстырылады.

Family Park саябағында және Әуезов ауданында «Үздік ұлттық образ» байқаулары ұйымдастырылып, ең үздік киінген қатысушылар анықталады.

Райымбек даңғылы, 174 мекенжайында «Ұлттық сезім – киіммен» атты ерекше сән кеші өтеді.

Мәдениет пен өнер:

Әуезов және Бегалин атындағы кітапханаларда этно-фольклорлық кештер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Оқушылар сарайында Н. Сац атындағы театрдың спектакльдерінде қолданылатын сахналық костюмдердің көрмесі ашылады.

Арбатта Жетісу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз