
Миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі ForteBank-тің директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Кеңес құрамынан Басқарма мүшесі – Басқарушы директор қызметін атқарған Сергей Карташов шықты. Бұл туралы қор биржасына жолданған хабарламада жазылған.
Енгізілген өзгеріске сәйкес, банктің директорлар кеңесі құрамында бес адам қалған. Олар: Талғат Қуанышев, Анна Пилипенко, Алма Әбілжанова, Әниар Болгауов, Фоукал Зденек.
Фоукал Зденек банктің директорлар кеңесінің құрамына 2026 жылдың басында енген.
ForteBank актив көлемі бойынша Қазақстандағы банктер арасында бесінші орында тұр. Оның активі 4,9 трлн теңгеден асады.
Акционері – дәулеті бойынша Forbes тізімінде 6-орында тұрған миллиардер Болат Өтемұратов. Оған банк акцияларының 91,1 пайызы тиесілі. Өтемұратов 2025 жылы Home Credit Bank-ті толық сатып алды.