Алматы – Токио тікелей рейсі наурызда ашылмайтын болды: Фостер себебін атады

Жарияланды 20 Наурыз 2026 09:54

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Пассажиры Air Astana могут бесплатно вернуть билеты на Ближний Восток до 11 марта
Токиоға тікелей рейстердің қашан ашылатынын белгісіз/фото: shutterstock

Air Astana Алматы – Токио бағытындағы тікелей әуе рейстерін ашуды кейінге қалдырды. Бұл туралы компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостер Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында айтқан.

Бастапқыда Алматыдан Токиоға тікелей рейс 2026 жылдың наурызына ашылатыны айтылды.

Фостердің сөзінше, тікелей рейстің белгісіз уақытқа шегерілуіне техникалық қиындықтар себеп болмаған, бұл – виза режиміне байланысты қабылданған шешім.

«Қазақстан азаматтарының Жапония сыртқы істер министрлігінен виза алуындағы қиындық жоспарымыздың орындалмай қалғанына себеп болды. Қазір виза алу оңай емес, біраз уақытты қажет етеді», – деген Фостер.

Айтуынша, бұл мәселе бойынша келіссөздер Қазақстандағы Жапония елшілігімен де, Токиодағы әріптестермен де жалғасып жатыр.

«Бұл мәселе түзіледі деп ойлаймын. Бастапқыда Жапонияға ұшады деген ұшақтар Алматы – Шанхай бағытындағы рейстерді орындап жатыр. Қытай Қазақстан үшін визасыз режим ашып отыр. Сол себепті осы бағытқа басымдық бердік. Дей тұрғанмен Токиоға тікелей рейс ашу жоспарымыз күшінде қалады», – деді Фостер.

Айта кетейік, 2026 жылдың наурызында Токиоға рейстер ашылатыны туралы Алматы қаласы әкімдігі де хабарлаған. Ал 2025 жылы Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияның сыртқы істер министрі Такеши Иваямен кездесті. Сол кезде авиация саласында тараптар Air Astana және Japan Airlines 2026 жылдың наурызында Алматы – Токио тікелей әуе бағытын іске қосу жоспарын құптаған.

Сондай-ақ оқыңыз