Актер Мейіржан Төребаев түрмеден шықты

Жарияланды 22 Наурыз 2026 01:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Фото: instagram

Танымал қазақстандық актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты. Бұл туралы актер өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Ат үстіндегі бейнежазбаның астына ол Ресейлік актер Александр Петровтың сөздерін дәйексөз ретінде келтіріп, философиялық ой-толғау қалдырды:

«Сыртқы өмірде бостандықтан айырылған кезде, ішкі бостандыққа ие болдым. Демек, солай болуы керек еді. Өмір үйретуі тиіс сабақтардан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Жан ұмтылатын тәжірибеден өзіңді айыру мүмкін емес. Маған тыныштық, уақыттан тыс болу, рөлдерсіз қалу, өзіммен оңаша қалып, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру керек болды. Кейде жаңа өзіңді тану үшін бәрін қирату керек. Осы тәжірибе үшін Жаратқанға рахмет. Бұл жан саяхаты болды», деп жазды Төребаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 маусымында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Мейіржан Төребаевты «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Сонымен қатар, оған 5 жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыз