
Қазақстандық танымал дзюдошы, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова жанкүйерлерін қуанышты жаңалығымен сүйсіндірді. Спортшы ару өзінің Instagram парақшасында сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысын қабыл алғанын хабарлады.
Әбиба әлеуметтік желідегі парақшасына гүл шоғымен түскен және саусағындағы неке жүзігі көрінетін суреттерін жариялап, астына «I said yes» (Мен «иә» дедім) деген жазба қалдырды.
Әбиба – қазақ дзюдосындағы шоқтығы биік спортшылардың бірі.
Әлем чемпионатында екі мәрте (2022, 2024) қола жүлде иеленген тұңғыш қазақ қызы. Париж Олимпиадасында 5-орынға табан тіреп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті. Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Әзірге Әбибаның таңдаған жарының кім екені белгісіз, спортшы жеке өмірінің бұл тұсын құпия ұстауды жөн көрген секілді.