Жазира Байырбек ұлының тойына шақырылған қонақтарға тосын ескерту жасады

Жарияланды 26 Наурыз 2026 10:29

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
/ фото: Instagram
фото: Instagram

Жазира Байырбек ұлының тойына келетін қонақтарға тосын ескерту жасады. Ол мобилографтарсыз, видеографтарсыз келуді ескертті.

Әншінің айтуынша, бұл ескертуін тойға шақырылған адамдардың көптігімен түсіндірді.

«Құрметті қонақтарымыз! Алла қаласа, ертеңгі тойымызға келетін қонақтар тізім бойынша кіргізілетінін хабарлаймыз. Адам санының көптігіне байланысты, сіздерден тойға мобилографсыз және видеографсыз келулеріңізді сұрамыз», ­- деп ескерту жариялады Жазира Байырбек.

Десе де, әншінің айтуынша, қонақтардың ешқайсысы видеосыз, фотосуретсіз қалмайды. Өйткені той барысында арнайы кәсіби түсірілім жүргізілмек.

«Барлық фото және видео QR арқылы дайын түрде ұсынылады. Түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», – деп жазды Жазира Байырбек.

Жазира мен Жанболаттың ұлының үйлену тойын барша қазақстандықтар онлайн тамашалай алады.

Мұның алдында әнші тойға қызу дайындық жасап жатқанын айтып, есте қаларлықтай өткізу үшін оқырмандарынан кеңес сұраған еді.

Сондай-ақ оқыңыз