Қазақстанда тағы бір шетелдік банк пайда болады

Жарияланды 26 Наурыз 2026 11:25

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке Қазақстан Республикасында еншілес банк құруға рұқсат берді.

Жаңа банктің жалғыз акционері ADCB болады. Қаржы ұйымы  «ислам терезесі» тетігі арқылы исламдық қаржыландыруды дамытуды жоспарлап отыр,

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңның талаптарына сәйкес әмбебап банк лицензиясын алу ішкі инфрақұрылым құрылғаннан кейін және банк қызметін іске қосу бойынша барлық дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейін күтіледі», – деп хабарлады ҚНРДА.

ADCB – Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі банктерінің бірі. Негізгі акционері – Абу-Даби Үкіметіне толығымен тиесілі Mubadala Investment Company PJSC инвестициялық компаниясы.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ADCB жиынтық активтері 210 млрд доллардан астам, меншікті капиталы – 24 млрд доллардан астам, жыл қорытындысы бойынша таза пайда – 3 млрд доллар.

Abu Dhabi Commercial Bank-тың Қазақстанда жаңа ұйым ашатыны туралы былтыр күзде хабарланған. Оның алдында елге Оңтүстік Кореялық холдингке тиесілі BNK Finance кіріп, BNK Commercial Bank атты жаңа банк ашқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз