
Баян Алагөзова тоқалын шәкірттерінің біріне сыйға тартқан имамның әрекетіне жағасын ұстады.
Ол әріптестерін мұндай діни үгіт-насихатшылардан сұхбат алмауға шақырды.
«Мен журналист әріптестерімді діни үгіт-насихатшылардан сұхбат алмауға шақырамын. Осылайша, бұл қараңғылықты өздерің таратып жатырсыңдар», – деді продюсер.
Жанар Байсемізовамен сұхбаттасқан имам: «Саған бай тауып берейін» деп жақсы шәкіртіме үйлендірдім», – деп күлді. Журналист әйелін қалай шәкіртіне бере салғанын айтып, таңырқады. Сонда имамның берген жауабы мынадай болды:
«Өзі соны талап етіп отыр. «Шәкірттерімнің арасынан біреуін таңда. Қалағаныңмен некеңді қиып, тойыңды жасап беремін» дедім».
Бұл әңгіме Баян Алагөзоваға түрпідей тиіп отыр.
«Сақалдылар тақырыбы мені қатты толғандырады. Тиісті органдар – ҰҚК, прокуратура болып жатқан жағдайларды біледі деп үміттенемін. Бір күні бұған тоқтау болады деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл – ұлттық қауіпсіздік. Уәхабшылар әлеуметтік желі де жүреді. Бізді тілімізден айырады. Жақында бәріміз арабша сөйлеп кетерміз», – деді Баян Есентаева.
Оның сөзінше, сақалдылар қазақтың дәстүрлерін, ұлттық мерекелерді мансұқтап жатыр. Қазір олардың саны артып, өте агрессивті болып келеді.
Айта кететін жайт, жақында Баян Алагөзова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанған еді.