Байқоңыр ғарыш айлағы туралы сериал көрсетіледі

Жарияланды 28 Наурыз 2026 13:29

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Протон Байқоңыр
Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға беріп отыр / фото: shutterstock

28 наурыздан бастап Ресейдің Бірінші арнасы Байқоңыр ғарыш айлағы туралы сериал көрсетеді. Сериал «Рокот космодрома» деп аталады.

«Роскосмос қолдауымен түсірілген ғылыми-танымдық сериал ғарышты игеру туралы: совет заманындағы Байқоңырдан бастап, қазіргі Восточный айлағына дейінгі аралықты қамтиды», – деп таратты «Роскосмос».

Сериалға Халықаралық ғарыш станциясына сапарлаған ғарышкерлер де қатысады. Олардың арасында Иван Вагнер, Петр Дубров, Анна Кикина және басқалары бар.

Бұлардан бөлек жобаға Алексей Воробьёв, Нилетто, Женя Трофимов, Валдис Пельш, Марк Богатырёв, Дмитрий Турсунов, Мария Шурочкин сынды актерлер түседі.

Ғарыш туралы сериал сенбі күндері көрсетілетіні айтылды.

Бұған дейін Kursiv.Media Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын «Протонға» улы гептил отынын құюға рұқсат берілгені туралы жазған.

Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағы мен әскери полигондарды Ресейге жалға беруден қанша пайда түсіретінін білгіңіз келсе, мына мақаланы оқыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз