«Келініміз барын ұмытып кетіппіз»: Жанболат пен Жазира қызық оқиғаны ортаға салды

Жарияланды 31 Наурыз 2026 10:30

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Фото: Instagram

Күні кеше ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасаған Жанболат пен Жазира қуаныштан кейін үйлерінде болған қызық оқиға туралы айтып берді. Жас ата-ене үйіне келін түсіргеніне әзірге үйрене қоймаған сыңайлы. 

Жазира Байырбекова өзінің Instagram парақшасының stories бөліміне оқиға туралы баяндап берді.

«Кеше тойдан кейін ертесіне бір ұзатуға тойға бардық. Шаршап келе жатқанбыз. Ұзату той ылғи түнгі 12-1 кезінде бітеді. Содан туфлиімізді, сөмкемізді қолымызға алып үйдің есігін қағып жатсақ, есікті Асека (жаңа түскен келіні – ред.) ашып тұр. Екеуіміз тұрып қалыппыз. Ұмытып кетіппіз. Басқа пәтер ме деп қалдық. 3-4 секунд бір-бірімізге қарап, қалай бұл деп қоямыз. Келінді болғанымызды ұмытып кетіппіз. Солай күліп жатырмыз», – деп Жанболат пен Жазира Тараздағы бір қуаныштан шыққаннан кейін салғанда сторисінде. 

Одан кейін Жазира туған бауыры – Нәзира Байырбекпен сөйлескен чаттың скриншотын салып, осы оқиғаны айтып берген.

«Қазбек біздің бөлмеге келіп әңгімелесіп біраз отырды да, «Қой, новенькая қыз не істеп жатыр екен» деп кетіп бара жатыр», – деп тағы бір қызықты бөлісіпті.

Назира Байырбек ол хатқа «Ойлап, көңілім босап кетті. Сіздің бақытты күйіңізді сезініп отырмын. Ақылдым ғой сол. Жаным-ау, сезімтал ғой», – деп жауап берген. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әншілердің 700 адам шақырып атқарған тойларының қалай өткені туралы жазған едік.         

Сондай-ақ оқыңыз