
Айгүл Иманбаева АҚШ-та наурыз мерекесін тойлап жүр. Бұл шараны АҚШ-тағы қандастар ұйымдастырған.
Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева бұл шараға арнайы шақырумен келген. АҚШ-та өткен Наурыз қазақтың дәстүрімен өтіп жатыр. Америка төрінде қазақтың туы, ұлттық бұйымдар мен тағамдар ерекше көзге түседі.
«Сиэтл қаласы. Вашингтон штаты. Міне, осындағы Қазақ қауымдастығының президенті Лиза ханымның арнайы шақыруымен Америкаға аман-есен жеттік. 200-300 қазақ отандастарымыздың басы қосқан Наурыз мерекесі өтеді. Күн тамаша. Отель Тынық мұхиты жанында», – деп хабарлады Айгүл Иманбаева.
Мереке барысында әнші ұлттық костюм киіп, халық әндерін орындап берді.
Наурыз мейрамын жергілікті америкалықтар да қызықтау үстінде. Америка қазақтары, АҚШ-та білім алып жатқан қазақ студенттер танымал әншіге кәде-сыйларын тарту етті.
Мұның алдында Айгүл Иманбаева бақытты болу құпиясын ашқан еді. Айтуынша, ұдайы күліп жүрудің сыры – шүкіршілік пен қуана білу.