«Көп нәрсе үйрендік» – әнші Қанай жақында қаза болған анасын еске алды

Жарияланды 1 Сәуір 2026 15:04

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
«Үйдегі үш ұл қыздардың барлық жұмысын жасай береміз» дейді әнші / фото: Instagram
«Үйдегі үш ұл қыздардың барлық жұмысын жасай береміз» дейді әнші / фото: Instagram

Нұрболат Қанай жақында қаза болған анасын еске алды. Анасының өмірде қажет болатын дағдыларға баулығанын баяндап берді.

Оның айтуынша, соның арқасында әнші үйдің тазалығы мен үй шаруасын дөңгелетіп кете алады.

«Үйді жинау керек. Жалпы, біз үш ағайынды едік. Үлкен ағам Айбар, одан кейін мен Нұрболат және марқұм Диар деген інім болды. Үйдегі үш ұл қыздардың барлық жұмысын жасай береміз. Өйткені анамыз бізге үйретті. Біздің үйде мамадан басқа қыз жоқ. Үй жинау аламыз. Тамақ пісіріп, нан жаба аламыз», – деді Қанай.

Әнші анасынан көп нәрсе үйренген.

«Шүкір. Кір жуған кезімізде, «қараны қараға, ақты аққа бөлесің», «мынау не бәле, мен келгенде үй жалтырап тұратын болсын» деп ұрсатын еді», – дейді Нұрболат.

Әншінің айтуынша, анасы жас кезінде құйрықтан салып жібергенде, үйді аз уақыттың ішінде айнадай етіп тазалап шығатын.  

Нұрболат Қанай анасы қайтыс болған кезде «Енді кімге еркелеймін» деп бір ауыз жазба қалдырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз