«Дәстүр: Теріс бата» фильмінің эксклюзивті онлайн-тұсаукесері – Freedom Media-да

Жарияланды 2 Сәуір 2026 21:30

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
«Дәстүр: Теріс бата» фильмінің эксклюзивті онлайн-тұсаукесері – Freedom Media-да / Фото: Freedom Media

2 сәуір күні Freedom Media платформасында отандық киноиндустрияның ең күтілген туындыларының бірі – «Дәстүр: Теріс бата» мистикалық триллерінің цифрлық премьерасы өтті.

Оқиға желісі

Фильм өзегінде – сырттай қарағанда берекелі, бірақ түсініксіз үрейлі оқиғалардан соң шаңырағы шайқала бастаған бір әулеттің тағдыры баяндалады. Тылсым құбылыстардың төркіні қазақ танымындағы ең ауыр қарғыс – теріс батадан бастау алады.

Кейіпкерлер баяғыда жасаған, түзетуге келмейтін қателіктерінің зардабын тартып, тағдырдың қатал сынағына тап болады. Бұл – қиянаттың қайта оралып, соңы өкінішке ұласатынын көрсететін терең драмалық хикая.

Фото: Freedom Media

Дәстүр мен атмосфераның үйлесімі

«Дәстүр: Теріс бата» көрерменді жай ғана арзан эффектілермен емес, психологиялық шиеленіс, мағыналы үнсіздік пен астарлы нышандар арқылы баурап алады. Ұлттық фольклор мұнда жай ғана қосалқы элемент емес, бүкіл драманың өзегіне айналған.

«Теріс бата – жай ғана тылсым күш емес. Бұл – адам баласы аттап өтуге болмайтын қатерлі нүкте. Өткен шақта аңдамай басылған бір ғана қате қадам бүтін бір әулеттің тағдырын қалай тас-талқан ететінін көрсету біз үшін өте маңызды болды», – деді фильм режисері Әлішер Өтев.

Индустриядағы жаңа серпін

Бұл туынды қазақстандық жанрлық киноның жаңа толқынын қалыптастырып отыр: батыл, мәдени ерекшеліктерге негізделген және сапалы контент.

«Біздің басты ұстанымымыз – ұлттық құндылықтар мен төл мәдениетімізді дәріптейтін туындыларға демеу болу. «Дәстүр: Теріс бата» фильмі өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, отандық киноның әлеуетін танытатын сапалы туындыға айналды», – Freedom Media бас директоры Тимур Баиров.

Айта кетерлігі, «Дәстүр» фильмі кинотеатрларда көрсетілген уақытта әлемдік «Аватар: Су жолы» фильмімен бәсекелесіп отандық проката табысқа жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз