
Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов компанияның Қазақстандағы жұмысы мен жоспары туралы айтты.
«Қазақстанда 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде мемлекеттік институттармен, бизнес қауымдастығымен және аудиториямен берік байланыс қалыптасты. Артылған сенімді сатып алу мүмкін емес, ол ұзақ жылдық табанды еңбек нәтижесінде қалыптасты. Біз нарықтың ажырамас бөлігіміз», – деді Турлов Freedom Inside 26 форумында.
Айтуынша, Қазақстанда Freedom Bank-ті іске қосу кезінде бірқатар жұмыс атқарылған. Ал Тәжікстанда процесс жылдамырақ жүрген.
«Біз стартап ретінде емес, дайын жұмыс істейтін жүйемен, үлкен әрі кәсіби командамен келдік. Тәжікстан – соның бір мысалы. Алда Грузия мен Түркия тұр. Қазір рұқсат беруін күтіп отырмыз», – деді Турлов.
Сөзінше, Қазақстанда кейінгі 18 айдың ішінде біз 5 500 000-нан астам жаңа клиент қосылған.
Айта кетейік, Freedom Holding 10 жылда активін 12,5 млрд долларға жеткізіп, клиент санын 11 миллионнан асырған.