
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген отбасы құруға қатысты сұраққа жауап берді.
Астанада өтіп жатқан Freedom Inside 26 форумында әнші сұхбат беріп, қызығушылығы, шығармашылығы туралы айтты. Сұқбат барысында тыңдармандарының бірі әншіден қашан үйленетінін сұрады.
Димаштың айтуынша, мұндай сұрақ қоятындар көбейген. Алайда әнші отбасын құруға аса жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.
«Әр нәрсенің өз уақыты бар. Таңдауыма өте тиянақты қарауым керек деп ойлаймын. Қазір сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандатудан қорқамын. Қыздарды қатты қастерлегеннен бе… бұл тақырыпқа кішкене басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін соңына дейін сол кісімен бір жастықта қартаюды армандап, соған бағыт алып отыруым керек», – дейді Димаш.
Бұған дейін Freedom Bank Димаш Құдайбергенге 100% кэшбек беретін карта сыйлады.