
Goldman Sachs инвестициялық банкі АҚШ пен Иранның екі апталық атысты тоқтату туралы келісімінен кейін, 2026 жылдың екінші тоқсанына арналған Brent мұнайының орташа бағасын $90-ға, ал америкалық WTI қоспасын $87-ға дейін төмендетті. Бұған дейін банк баға тиісінше $99 және $91 болады деп күткен еді.
«Тәуекел сыйлықақысының төмендеуін және Ормұз бұғазы арқылы тасымалдың жандана бастағанын ескере отырып, біз Brent пен WTI үшін екінші тоқсанға арналған болжамымызды аздап төмендетеміз», – делінген банктің жазбасында
Goldman үшінші тоқсанға ($82 – Brent, $77 – WTI) және төртінші тоқсанға ($80 және $75) арналған болжамдарын өзгеріссіз қалдырды. Дегенмен, банк тасымалдың ұзақ уақытқа тоқтауы немесе өндіріс көлемінің азаюы бағаны қайта өсіруі мүмкін екенін ескертті. Егер атысты тоқтату режимі бұзылып, Таяу Шығыстағы мұнай өндірісі тәулігіне 2 миллион баррельге азайса, Brent бағасы жыл соңына қарай $115-қа дейін жетуі мүмкін.
АҚШ пен Иран екі апталық уақытша бітімге келіскеннен кейін мұнай бағасы барреліне 100 доллардан төмендеген болатын. Ал 9 сәуірдегі Астана уақытымен 17:11 де Брент маркалы мұнай бағасының құны 98,49 долларды құрап отыр.