Freedom Holding Corp. құрамындағы компанияларды бір брендке біріктіреді

Жарияланды 9 Сәуір 2026 18:22

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Астанада Freedom Inside 26 форумы өтіп жатыр/фото: Серикжан Ковланбаев

Тимур Турлов Freedom Holding Corp. құрамындағы барлық сервистің бір атаумен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Енді банк, брокерлік қызмет, сақтандыру және басқа жобалар жеке бренд ретінде жұмыс істемейді.

«Біз жеке өнімдер жиынтығын емес, экожүйе құрып жатырмыз», – деді Турлов.

Айтуынша, банк қызметтерін, инвестицияларды немесе жеткізу сервисін пайдаланатын клиент барлық қызметтің артында бір команда тұрғанын сезінуге тиіс.

Сол арқылы нарық, инвесторлар мен азаматтар брендті түсінеді.

«Экожүйе ішіндегі компаниялар санын ескерсек, жұмыстың күрделі екенін аңғаруға болады», – деді ол.

Бұған дейін Турлов Грузия мен Түркия нарығына шығу жоспары туралы айтты.

Ал Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұловтың айтуынша, банк жақын арада тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотека беруді бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз