Ресейлік гроссмейстер Магнус Карлсен мен Алуа Нұрманға қатысты дауға пікір білдірді

Жарияланды 9 Сәуір 2026 23:12

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Магнус Карлсен заработал больше всех призовых в истории шахмат
Ресейлік гроссмейстер Магнус Карлсен мен Алуа Нұрманға қатысты дауға пікір білдірді / Фото: Fide

Ресейлік гроссмейстер Сергей Шипов норвегиялық Әлем чемпионы Магнус Карлсен мен қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманға қатысты дауға пікір білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Grenke Chess Open турнирінде әлем чемпионы Магнус Карлсен мен қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман арасында қызықты, әрі оғаш жағдай орын алған еді. Карлсен бойжеткенмен суретке түсуге келісім бергенімен, артынша төрешілерге оның телефоны туралы шағым түсірген.

Шиповтың сөзінше, Карлсен төрешілерге шағымданбай-ақ, Алуаға жеке ескертіп, телефонды тапсыруын сұрауы керек еді.

«Оның әрекеті жағымды емес, бірақ әділетті болды. Негізі жеке өтініш айтып, одан (Алуадан) телефонды тапсыруын өтінуі керек еді. Ал шын мәнінде мұндай турнирлерде телефон алып кіруге рұқсат беретіндері қызық», – деп жауап берді Шипов Үміткерлер турнирінің ойынын бағалау стримінде.

Айта кетейік, Алуа Нұрман Магнус Карлсеннен жеңілгеніне және телефонға қатысты шуға қарамастан, өзін бақытты сезінгендей. Себебі Карлсенмен бірге түскен суретін мақтанышпен желіде бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыз