Меруерт Өтекешова Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолын сыйлады

Жарияланды 17 Сәуір 2026 15:33

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Қазақ киносының аңыз тұлғасы, «Қыз Жібек» фильмі арқылы халықтың сүйіктісіне айналған Меруерт Өтекешова белгілі продюсер Баян Алагөзоваға баға жетпес жәдігерді сыйға тартты. Бұл актрисаның кезінде фильм түсірілімінде киген, талай тарихи сәттердің куәсі болған киелі қамзолы.

Қамзол – 1970 жылы жарық көрген, қазақ мәдениетінің символына айналған «Қыз Жібек» фильмінің төл жәдігері.

Продюсер бұл сыйлықты алғанда толқынысын жасыра алмады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Меруерт Өтекешоваға шексіз алғысын айтып, бұл жәдігерді өмірінің соңына дейін көзінің қарашығындай сақтайтынын айтты.

Сондай-ақ, келесі «Қазақ аруы» жобасын «Қыз жібек» пен Меруерт Өтекешоваға арнайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсын мен Баян Алагөзовтер танымал америкалық тревел-блогер Коннор Кампергиниді қонақ қылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз