«50 жыл бойы ешкім іздемеген»: Баян Алагөзова қамзол төңірегіндегі дауға жауап берді

Жарияланды 18 Сәуір 2026 17:09

Дәурен Ерболатов

Дәурен Ерболатов

SMM бөлімінің редакторы
Минкультуры выясняет, как костюм из фильма "Қыз Жібек" оказался у Баян Алагузовой
Баян бұл қамзолды 50 жыл бойы ешкім іздемеді дейді

Продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміне қатысты тарихи қамзол төңірегіндегі дауға жауап берді.

Ол қоғамда туындаған сынға пікір білдіріп, бұл жәдігердің ондаған жыл бойы ешкімнің есіне де түспегенін атап өтті.

«Неге осы қамзолды 50 жыл бойы ешкім есіне алмады? Неге ешкім оны іздемеді?», – деді продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Өтекешованың «Қыз Жібек» фильмінде киген қамзолдың түпнұсқасы туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланған еді. Бұл тарихи туындыны белгілі суретші Гүлфайрус Исмаилова жасаған.

Продюсердің айтуынша, қамзолды оған есімін атамаған жан табысталған. Ол бұл жәдігерді сақтап, қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған жобалар әзірлеп жатқанын жеткізді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Алагөзоваға сыйланған қамзолға қатысты тексеріс жүргізетін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз