
Ұлттық банктің 2026 жылғы 10 сәуірдегі басқарма қаулысымен офшорлық аймақтардың тізбесі бекітілді. Офшорлық аймақтар – салық жеңілдіктерін беретін немесе жүргізілген қаржы опарациялары туралы ақпаратты ашық жарияламайтын юрисдикциялар.
Тізбеге 50 офшорлық аймақ енгізілген:
- Америка Құрама Штаттары (тек Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде);
- Андорра кінәздігі;
- Антигуа және Барбуда мемлекеті;
- Багам аралдары достастығы;
- Белиз мемлекеті;
- Бруней-Даруссалам мемлекеті;
- Танзания Біріккен Республикасы;
- Вануату Республикасы;
- Гватемала Республикасы;
- Гренада мемлекеті;
- Джибути Республикасы;
- Доминика достастығы;
- Доминикан Республикасы;
- Жаңа Зеландия (тек Кук және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде);
- Испания (тек Канар аралдары аумағы бөлігінде);
- Комор аралдары Одағы;
- Гайана Кооперативтік Республикасы;
- Коста-Рика Республикасы;
- Қытай Халық Республикасы (тек Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданы аумағы бөлігінде);
- Либерия Республикасы;
- Ливан Республикасы;
- Мавритания Ислам Республикасы;
- Малайзия (тек Лабуан анклавы аумағы бөлігінде);
- Мальдив Республикасы;
- Мальта Республикасы;
- Солтүстік Мариан аралдары достастығы;
- Маршалл аралдары Республикасы;
- Марокко корольдігі (тек Танжер қаласының аумағы бөлігінде);
- Мьянма одағы;
- Науру Республикасы;
- Нигерия Федеративтік Республикасы;
- Нидерланды (тек Аруба аралы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде);
- Палау Республикасы;
- Панама Республикасы;
- Португалия (тек Мадейра аралдары аумағы бөлігінде);
- Самоа Тәуелсіз мемлекеті;
- Сейшель аралдары Республикасы;
- Сент-Винсент және Гренадиндер мемлекеті;
- Сент-Китс және Невис федерациясы;
- Сент-Люсия мемлекеті;
- Суринам Республикасы;
- Тонга корольдігі;
- Тринидад және Тобаго Республикасы;
- Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі (тек Ангилья, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Норманд аралдары (Сарк, Олдерни аралдары), Оңтүстік Георгия аралы, Оңтүстік Сэндвич аралдары, Теркс пен Кайкос аралдары, Чагос аралы аумақтары бөлігінде);
- Фиджи Егемен Демократиялық Республикасы;
- Филиппин Республикасы;
- Француз Республикасы (тек Кергелен аралдары, Француз Гвианасы, Француз Полинезиясы аумақтары бөлігінде);
- Черногория Республикасы;
- Шри-Lanka Демократиялық Социалистік Республикасы;
- Ямайка.
Құжат жеңілдетілген салық режимін ұсынатын немесе қаржы ақпаратының ашықтығын толық қамтамасыз етпейтін юрисдикциялармен қаржы операцияларды реттеуге бағытталған. Қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, мемлекет шенеуніктер мен олардың туыстарының цифрлық әмияндарына тексерісті күшейтеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен цифрлық активтерді шығарушылар (эмитенттер) үшін ішкі бақылау жаңа талаптары бекітілген болатын.