Мұхтар Шаханов Арыстан баб кесенесінің жанында жерленетін болды

Жарияланды 20 Сәуір 2026 17:10

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақтың біртуар ақыны, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Қоғам ауылдық зиратында жерленетін болды. Бұл туралы Kursiv Media тілшісіне ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков хабарлады.

Бұған дейін ақын Алматыдағы «Кеңсай» зиратында жерленетіні туралы ресми ақпарат тараған еді. Алайда туыстары мен жақындарының өтініші мен ақынның тірі кезінде айтқан аманаты ескеріліп, жерлеу орны өзгертілді.

Ақынның жары Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы хат жолдап, Мұхтар Шахановтың Отырар өңіріндегі ата-бабалар мекенінде мәңгілік тыныс табуды қалағанын жеткізген еді. Жиен немересі Қайырхан Балғабековтың айтуынша, бұл мәселе оң шешімін тауып, ұлт ақынының соңғы тілегі жүзеге асатын болды.

Қоштасу рәсімі Алматыда өтеді

Жерлеу орны Түркістан облысы болғанымен, ақынмен қоштасу рәсімі Алматы қаласында ұйымдастырылады: Ақынды 21 сәуір күні сағат 09:00 Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрынан шығарады.

Ресми қоштасудан кейін ақынның денесі Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Қоғам ауылының зиратына жерленеді.

Сондай-ақ оқыңыз