2026 жылы Ұлттық қордан алынатын қаржы көлемі 2 есе қысқарады

Жарияланды 23 Сәуір 2026 11:39

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: kursiv.media, бильд-редактолр Ахтам Зиперов

2026 жылы Ұлттық қордан мемлекеттік бюджет қажеттілігі үшін қаржы алу екі жарым есе азаяды. 2025 жылы қордан 5,3 трлн теңге ақша алынса, биыл тек кепілдендірілген трансферт ретінде 2,2 трлн теңге алу заңмен бекітілген. Қордан нысаналы трансферт бөлінбейді. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді.

Молдабекованың айтуынша, 2025 жылы алынған қаржы Ұлттық қорға түскен қаржыдан асып кеткен. Дегенмен инвестициялық табыс есебінен өсті. 2025 жылдың соңында қордағы қаржы көлемі 63,9 млрд долларға жеткен. Қазір қор активтерінің құны 64,6 млрд долларды құрайды.

«Бюджет қағидаларына сәйкес, кепілдендірілген трансферт көлемі шектелген. Нысаналы трансферт те бюджет жоспарына сәйкес алынады», – деді ол.

2025 жылы Ұлттық қордың жылдық кірістілігі пайыздық және абсолюттік мәнде ең жоғары деңгейге жеткен болатын. Ол кезде қордың табысы 15,1%-ды немесе 8,7 млрд долларды құраған. 

Сондай-ақ оқыңыз