
World Gold Council дерегіне сүйенсек, орталық банктер 2026 жылы алтынға қатысты әртүрлі бағыт ұстанып отыр. Польша, Өзбекстан және Қытай сияқты елдер өз резервтерін толықтырып жатса, Ресей мен Түркияны қоса алғанда, басқалары экономикалық қысымды реттеу үшін алтынды сатып жатыр.
Бұл бөлініс алтынның геосаяси тәуекелдерден қорғаныс әрі өтімділік көзі ретіндегі екіжақты рөлін көрсетеді. Ақпан айындағы жағдай бойынша, орталық банктер алтын резервінің таза өзгерісі осындай. Нақты сандарды көру үшін инфографикаға назар аударыңыз.
Орталық банктердің алтын қоры (2026)
Алтынды сатып алу және сату көлемі (тоннамен)
2026 жылы Польша әлемде алтын сатып алудан көш бастап тұр
Польша жыл басынан бері басқа елдермен салыстырғанда 20 тоннадан астам алтын қосып, 2026 жылы алтын қоры бойынша көш бастап тұр.
Бұл – НАТО-ның шығыс қапталындағы қауіпсіздік мәселелерінің ушығуын көрсететін, алтын қорын 700 тоннаға жеткізуге бағытталған ауқымды көпжылдық жоспардың бір бөлігі.
Долларлық резервтерден бас тартып әртараптандыру
2022 жылы Ресей орталық банкінің шамамен 300 млрд долларлық активінің бұғатталуы әлемдік резервті басқарудағы бетбұрыс кезеңі болды.
Бұған жауап ретінде Қытай және Орталық Азияның бірқатар елдері құймаларды шетел үкіметтерінің қолы жетпейтін резерв актив ретінде алтын сатып алу қарқынын арттырды.
Бұған дейін Францияның өз алтын резервін АҚШ-тан толық алып кеткені белгілі. Өзге елдер де осы тәжірбиені қолданып, алтын қорын өз жерінде сақтаған тиімді деп есептейді.
Ресей мен Түркия неліктен алтын сатып жатыр?
Екінші жағынан, Ресей мен Түркия 2026 жылы алтынды ең көп сатқан елдер қатарында. Ресейдің алтын сатуы фискалдық ауыртпалықтың артып келе жатқанын көрсетеді, өйткені соғыс уақытындағы шығын мен санкциялар үкімет қаржысына үлкен қысым жасап отыр.
Ресей бюджетінің тапшылғы және бір жылдық ақшасын үш айда қалай тауысқаны туралы сараптама жазған болатынбыз.
Ал Түркиядағы алтын қорының азаюы ішкі саясатқа, соның ішінде лираны тұрақтандыру және жергілікті алтынға деген сұранысты реттеу жөніндегі шараларға байланысты. Еске сала кетейік Түркия билігі лираны қолдан ұстап тұру үшін өзінің алтын валта қорын белсенді пайдаланып жатыр.