Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қазақ тілін меңгергісі келеді

Жарияланды 28 Сәуір 2026 17:35

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Софья Самоделккина, мәнерлеп сырғанаушы
Самоделкина сұхбат беріп, қазақ тілі туралы айтқан/фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қазақ тілін үйренуді жоспарлап жүргені айтты. Сөзінше, қазір ағылшын тілінде сөйлейтін ортада жүр, сол себепті екі тілді қатар үйрену қиынға соққан.

Бұл туралы спортшы «Спортс» сайтына берген сұхбатында айтты.

Айта кетейік, Софья Самоделкина 2024 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді, оған дейін Ресей атынан сынға түскен.

Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина 10-орынға тұрақтады. Спортшы мансабында жинаған ең жоғары ұпайы – 138.99.

«Әрине, қазақ тілін меңгергім келеді. Бұған дейін оқып көрдім, бірақ бірге үйренетін маман болмады. Қазір ағылшын тілінде сөйлейтін ортада жүрмін, екі тілді қатар үйрену қиын.

Қазақстанға барған кезде қазақша сәлемдесіп, алғыс айтып, жеңіл сұрақты қазақ тілінде қоюға тырысамын», – дейді Самоделкина.

Айта кетейік, бұған дейін шахматшы Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйреніп жүргенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз