АҚШ-та Мұхтар Мағауинге көктас қойылды

Жарияланды 4 Мамыр 2026 09:14

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Жазушы 2025 жылдың қаңтарында АҚШ-та дүниеден өтті/фото: threads/@yeldos_alash

АҚШ-та Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауинге көктас қойылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде әдебиеттанушы Елдос Алаш жазды.

«АҚШ-тағы қазақ алыбының мазары. Бүгін көктасы қойылған екен. Рухы шат болсын», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында туған. Жазушы 2025 жылдың қаңтарында АҚШ-та дүниеден өтті. Мэриленд штатындағы Роквилл қаласында жерленді.

Сондай-ақ оқыңыз