
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова продюсер Баян Алагөзованың қолына түскен «Қыз Жібектің» қамзолына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Мая Бекбаеваға берген сұқбатында айтқан.
Өтекешованың айтуынша, Кеңес Одағы ыдыраған тұста «Қазақфильмнен» көптеген киімдер жоғалған. Сондықтан ол бұл қамзолды іздемеген. Ол қамзолды фильмнен кейін осы 2026 жылы Алагөзова кигенде елмен қатар көрген. Дегенмен әртіс Алагөзованың костюмді кигеніне түсіністікпен қарайтынын жеткізді.
«Кез келген шығармашылық адам ондай тарихи құндылықты көрген кезде оған қызығушылықпен қарайтыны белгілі. Оның үстіне өзіне шақ болса киіп көргенде де айып жоқ», – деді Өтекешова.
Бұған қоса, ол қамзолды Алагөзова алдағы уақытта мұражайға тапсыратынына сенімді екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуірде белгілі продюсер Баян Алагөзова Қыз Жібек қамзолын киіп, баға жетпес жәдігерді сыйға алғанын желіде жариялады. Артынша-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі реквизиттің жеке қолға қалай өткенін тексеретінін мәлімдеді. Дегенмен продюсер «50 жыл бойы ешкім іздемеген» қамзолды ешкімге бермеймін деген еді.
Кейіннен продюсер Меруерт Өтекешоваға көрсеткен құрметі ретінде оған ай сайын 1 млн теңге зейнетақы төлеп отыратынын айтқан еді.