Жапония Қазақстан мұнайын импорттауды жоспарлап отыр

Жарияланды 5 Мамыр 2026 11:50

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Жапония Қазақстан мұнайын импорттауға ниетті / фото: gemini generated

Астанада өткен «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов пен Жапония СІМ парламенттік орынбасары Арфия Эри бастаған делегацияның кездесуі екі елдің энергетикалық байланысын нығайтуға бағытталды.

Қазақстан мұнайын Жапонияға жеткізу мүмкіндіктері

Тараптар Қазақстан мұнайын Жапония нарығына тікелей шығару мәселесін де қарастырды. Екі жаққа да тиімді шарттармен шикізат жеткізу логистикасы мен экономикалық негіздемелері талқыланды. Бұл қадам Қазақстан үшін экспорттық бағыттарды кеңейтуге мүмкіндік берсе, Жапония үшін энергия ресурстарын алу көздерін сенімді етуге септігін тигізеді.

Бұл келіссөздер Жапония үшін өте жоғары стратегиялық мәнге ие, өйткені бүгінде бұл елдің мұнай импортының 90 пайыздан астамы Таяу Шығыс аймағына тиесілі. Мұндай жоғары тәуелділік геосаяси тәуекелдер туындаған жағдайда энергия қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан жапон тарапы Каспий қайраңындағы жобаларға қатысу арқылы мұнай жеткізу бағыттарын әртараптандыруды және бір аймаққа байланбауды көздеп отыр.

Азияның ірі экономикасы -Оңтүстік Кореяда тарапынан Қазақстан мұнайына сұраныс артқанын айта кетекен жөн. Сәуір айында Reuters Оңтүстік Корея билігі Ормұз бұғазынан тыс бағыттардан 273 млн баррель мұнай сатып алады. Соның 18 млн баррелін Қазақстан береді деп мәлімдеген.

Оңтүстік Корея бұған дейін де Қазақстаннан 5 млн тонна шамасында мұнай сатып алып жүрген. Алайда кейінгі уақытта, әсіресе Қызыл теңіздегі қолайсыз ахуалға байланысты, мұнай экспорты 2 млн тоннаға дейін төмендеген. Кейіннен Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстан мен Оңтүстік Корея әзірге мұнай саудасына қатысты жаңа келісімге қол қойған жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз