Алматыда Асанәлі Әшімовтің жұлдызына гүл қою рәсімі өтті

Жарияланды 8 Мамыр 2026 15:03

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Бүгін, 8 мамыр қазақ киносы мен театрының жарық жұлдызы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің туған күні.

Киностудия аумағындағы Асанәлі Әшімовтің есімі жазылған жұлдызды белгіге гүл шоқтары қойылды. Шараға жиналған әріптестері, шәкірттері мен өнерсүйер қауым ұлттық мәдениеттің символына айналған дара тұлғаның шығармашылық мұрасын еске алып, оның қазақ өнеріне қосқан өлшеусіз үлесіне тағы бір мәрте құрмет көрсетті.

Еске сала кетсек, қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 88 жасқа қараған шағында дүниеден өткен еді. 23 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қаралы жиын өтіп, халық өзінің сүйікті актерін мәңгілік сапарға шығарып салған еді.

10 мамыр күні Алматыда Асанәлі Әшімовтің өміріне негізделген «Тағдыр тақтасы» драмасы қойылады.

Сондай-ақ оқыңыз