
Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысы Жавохир Синдаровқа ірі турнирде қолдау көрсету үшін Румыния астанасына барды. Бухарест қаласында бірге түскен видеоны қазақ қызы әлеуметтік желіде жариялады.
Grand Chess Tour 2026 турнирінің кезекті кезеңі 12 мамырда Румынияда өтеді. Оған Фабиано Каруана (АҚШ), Аниш Гири (Нидерланд), Алиреза Фирузджа (Франция), Уэсли Со (АҚШ) сынды мықты шахматшылар қатысады.
Әлем чемпиона атағына үміткерлер турнирінің жеңімпазы – Жавохир Синдаров (Өзбекстан) Гранд сериясына алғаш рет қатысады. Жарыстың жүлде қоры – 475 мың доллар.
Асаубаева бұл турнирге қатыспайды. Соған қарағанда, ол Бухарестке досын қолдауға барған. Қазір олар қаланың түнгі тіршілігін бірге тамашалап жүр.

Қазір Бибісараның қыдыруға уақыты бар. Ол қатысатын келесі турнир – Norway Chess Women 2026 – мамырдың аяғында басталады.
Қазақ қызы мен өзбек жігітін шахматтан бөлек тағы не байланыстыратынын білгіңіз келсе, Kursiv.Media материалын оқыңыз.
Бұған дейін Асаубаева қазақ тілін үйреніп жүргенін айтқан.