Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы ән шығарды

Жарияланды 14 Мамыр 2026 16:44

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің жары Ермұхан Аймахан ән шығарды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ермұханның айтуынша, жаңа туынды қазіргі таңда барлық музыкалық платформаларда қолжетімді.

Жас әншінің бұл қадамы желі қолданушылары мен Димаштың жанкүйерлері тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Оқырман қауым жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, Ермұханның өнеріне сәттілік тілеп жатыр.

«Махаббаттарыңыз мәңгі болсын»; «Өте әдемі жұп! Отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз» – деген сыңайлы пікірлер жазылып жатыр.

Димаштың шетелдік жанкүйерлері де бұл жаңалықтан қалыс қалмай, әнді тыңдауға асық екендерін жеткізген. Айта кетейік, Ермұхан Аймахан Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының актері.

Сондай-ақ оқыңыз