Алматының индустриялық аймағында қандай зауыттар салынып жатыр

Жарияланды 15 Мамыр 2026 10:40

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
28 инвестициялық жоба жүзеге асқан / Фото: Алматы әкімдігі, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2025 жылы жалпы құны 476,9 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жоба іске асырылды.

Олар өңдеу өнеркәсібі, туризм, денсаулық сақтау және көлік-логистика саласын қамтып, 6,7 мыңнан астам жұмыс орнының ашылуына негіз болды.

Инвестицияның басым бөлігі немесе 440,5 млрд теңгесі өндіріс қуатын арттыруға бағытталған 6 ірі нысанға тиесілі.

Қазір жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалар:

  • Viva Pharm: «Алатау» экономикалық аймағында орналасқан, жылына 200 млн дәрі-дәрмек шығара алатын толық циклді фармацевтикалық зауыт.
  • Sapa Industry Group: Алматы индустриялық аймағындағы автоклавты жеңіл бетон шығаратын кәсіпорын. Жылына 50 мың м³ қабырға панелі ені 150 мың м³ газоблок шығара алады.
  • CA-International: Жылына 4 мың тоннадан астам табақты поливинилхлорид өндіретін зауыт.
  • NARPRINT: Жылына 830 тонна қағаз және жапсырма өнімдерін шығаруға бағытталған өндіріс орны.

2026 жылға арналған инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары ретінде жоғары технологиялық өндірісті дамыту, импортты алмастыру және индустриялық инфрақұрылымды кеңейту айқындалды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының дерегінше, қаланың жалпы инвестициялық портфелі 2,8 трлн теңгеден асқан.

Сондай-ақ оқыңыз