Джеки Чанның кісілігі қазақстандықты қатты таңырқатты

Жарияланды 15 Мамыр 2026 12:20

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
фото: Instagram
фото: Instagram

Мемлекеттік қызметкер Мақсат Қиқымов Қытайда аты аңызға айналған актер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанмен кездескен. Dala Edge Creative Tech Park басшысы әлеуметтік желіде әлемдік кино жұлдызының қарапайымдылығы оны қатты таңырқатқанын жазды.

Қиқымов Джеки Чанның кеңсесінде болған.

«Ол бізді өте жылы әрі шынайы қарсы алды, кейін Michelin жұлдызы бар Hong Kong-тағы ең үздік мейрамханалардың біріне шақырды. Ерекше таңғалдырғаны – әлемге танымал бола тұра, оның өте қарапайым, ақкөңіл және керемет энергияға толы адам болып қалуы. Кешкі ас кезінде қонақтарға өзі қызмет көрсетіп, ас салып, бәріне жайлы болуын қадағалап отырды», – дейді ол.

Қиқымовтың сөзіне қарағанда, Джеки Чанның адамгершілік қасиеттері мен әлемге деген көзқарасы қатты әсер қалдырған.

«Стакандардағы артылған суды ысырап болмасын деп гүлдердің түбіне құйып отырды. Үстелдегі артық майлықтарды да тастамай, өзімен бірге алып кетті. Оларды иттердің аузын сүрту үшін пайдаланатынын айтты. Осындай сәттерде адамның тек кинода ғана емес, өмірде де үлкен тұлға бола алатынын түсінесің. Одан адамдарға, жануарларға және табиғатқа деген ерекше мейірім мен құрметтің лебі сезіледі», – деп жазды Мақсат Қиқымов.  

Қонақтар актерге қазақтың ұлттық шапанын тарту еткен.

Айта кететін жайт, Джеки Чан ойнайтын «Құдіретті сауыт-сайман» фильмі Қаскелеңде түсірілмек.

Сондай-ақ оқыңыз