
Әлеуметтік медиа нарығы соңғы жиырма жыл ішінде қарапайым коммуникациялық жобалардан жаһандық корпорацияларға дейінгі орасан зор эволюцияны бастан өткерді. Бастапқы мақсаты тек адамдарды байланыстыру болған платформалар бүгінде өз алдына бөлек цифрлық экожүйеге айналды.
Visual Capitalist мәліметінше, Facebook айына 3,1 миллиардтан астам белсенді қолданушысы бар әлемдегі ең ірі әлеуметтік платформа мәртебесін сақтап отыр. Бұл шамамен жер шары халқының 40%-ын құрайды.
YouTube (2,5 млрд қолданушы) – әлемдегі ең ірі видеохостинг болса, Reddit (850 млн) адамдардың ортақ қызығушылықтары бойынша бас қосатын ауқымды онлайн-форумға айналды.
Тізімді LinkedIn (310 млн) түйіндейді. Бұл әлеуметтік желіні 2016 жылы Microsoft 26 миллиард доллардан астам сомаға сатып алған болатын. Бүгінде ол түрлі саладағы кәсіби мамандар өзара байланыс орнатып, жұмыс іздеуіне, бос жұмыс орындарын жариялауына арналған басты орталық болып отыр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда балалар TikTok желісінде күніне орта есеппен 130 минут өткізеді. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.