«Аға, мынаны сізге берсем бола ма»: Мақпал Жүнісова Ақордада Тоқаевқа сыйлық жасады

Жарияланды 21 Мамыр 2026 18:46

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: видеодан скрин

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің авторлық үнтаспасын тарту етті.

Салтанатты рәсім аяқталған бойда әнші Президенттің қасына барып, өзінің жүрекжарды лебізімен бірге, ішіне әндері жазылған үнтаспаны арнайы табыстады.

Айта кетейік, бұл кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнер иесін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған еді.

Мақпал Жүнісованың айтуынша, бұл оның Ақордаға алғаш рет келуі. Сонымен қатар, бұл – әншінің ширек ғасырлық (25 жыл) үзілістен кейін мемлекет тарапынан алып тұрған алғашқы үлкен марапаты.

Сондай-ақ оқыңыз