Жаңа ереже: мобильді аударымдарды қалай заңдастыруға болады

Жарияланды 28 Мамыр 2026 14:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

мобильді аударымдар / фото: gemini AI

Мобильді аударымдарға жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша хабарлама алған қазақстандықтар 30 жұмыс күні ішінде түсініктемелерін ұсына алады немесе салық декларациясын тапсыра алады.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазіргі кезеңде салық органдары айыппұл салмайтынын, шоттарды бұғаттамайтынын немесе өзге де шектеулер қолданбайтынын атап өтті. Азаматтарға түскен қаражаттың қайдан келгенін дәлелдеу немесе салық міндеттемелерін ерікті түрде орындау ұсынылады.

Салық органдары азаматтардың мобильді аударымдарын белгілі бір нақты критерийлер бойынша тексереді. Автоматты бақылауға үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі адамнан ақша түскен, әрі осы аударымдардың жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асатын шоттар ілігеді.

Еске сала кетейік, салық органдары алғашқы ескертуді мамырда жібере бастады.

Сондай-ақ оқыңыз