
13 маусым күні Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде LEVEL UP FESTIVAL 2026 жазғы жастар фестивалі өтеді. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған шара заманауи музыка мен қалалық мәдениетті ғана емес, маңызды әлеуметтік трендтерді де біріктірмек.
Бірнеше жыл ішінде LEVEL UP жобасы жай ғана концерттік бағдарламадан асып, Қазақстан жастарының ауқымды жазғы мәдени оқиғасына айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы фестиваль ашық аспан астындағы ауқымды алаңымен, заманауи визуалды шешімдерімен және танымал медиа өкілдерінің қатысуымен ерекшеленеді.
Фестивальдің басты әлеуметтік мақсаты
Биылғы LEVEL UP фестивалінің басты ерекшелігі – оның әлеуметтік бағытында. Шара «Сәнге айналған тазалық» ұранымен өтпек. Жоба жастар арасында саналы таңдау жасау идеясын насихаттап, есірткі қылмысына және кез келген зиянды тәуелділікке қарсы бағытталған.
Ұйымдастырушылар фестивальді жас буынның шығармашылық, спорт, өзін-өзі еркін көрсету және салауатты өмір салты төңірегінде шоғырланатын қауіпсіз кеңістігі ретінде танытуды көздеп отыр.
Сахнада кімдер өнер көрсетеді?
Фестивальде отандық жұлдыздар өнер көрсетеді. Олардың ішінде: «Ирина Кайратовна» тобы Bakr, Lucaveros, Kiliana Junior, Н и Я, Тыңда және т.б.
Музыкалық бағдарламадан бөлек, фестиваль аумағында интерактивті бренд-зоналар, серіктестердің арнайы жобалары мен сыйлықтар ұтысы, заманауи фотоаймақтар мен контент жасауға арналған кеңістіктер жұмыс істейді.
LEVEL UP FESTIVAL 2026 маусымның 13-і күні Алматыдағы «Сұңқар» трамплиндерінде өтеді. Билеттерді Freedom Ticketon сайтынын сатып алуға болады.