Жаздың алғашқы күні доллар 490 теңге болды

Жарияланды 1 Маусым 2026 13:22

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге алтын
Жазда долларға сұраныс көбейеді / фото: shutterstock

1 маусымда түскі сағат 13:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 489,22 теңге болды. Биржадағы валюта саудасы барысында АҚШ валютасының құны 490 теңгеден асып жығылды.

Өткен аптаның аяғында KASE-де доллар саудасы 488,50 теңгемен жабылған. Жаздың алғашқы күні көк ақша тағы көтерілгені мәлім болып отыр.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер долларды 489-490 теңге аралығында саудалап жатыр. Валюта айырбастау мекемелері оны 492 теңгеден сата бастады.

kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде 1 доллар 488 теңгеден қабылданып, 490,5 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласындағы мекемелер болса АҚШ валютасын 485 теңгеден қабылдап, 492 теңгеден өткізеді.

Бұған дейін қаржыгер Ғалым Құсайынов доллардың не себепті қымбаттап жатқанын түсіндірген.

Ал сәуірдің аяғында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жазғы уақытта шетел валютасына сұраныс артатынын алдын ала ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз