Бірыңғай QR-жүйесіне қандай банктер қосылды

Жарияланды 2 Маусым 2026 10:18

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі
Біріңғай QR жүйесі / фото: gemini AI

Қазақстанның қаржы нарығы бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесіне толық көшудің шешуші кезеңіне қадам басты. Бастапқыда 2024 жылы екі банктің қатысуымен пилоттық режимде іске қосылған инфрақұрылымдық жоба, 2025 жылдың қарашасына қарай алты қаржы институтын біріктірді.

Қазіргі таңда экожүйеге Freedom bank, Halyk bank, Eurasian Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, Altyn, Alatau city bank, Nurbank, Bereke, Bank RBK, Home Credit Bank, KMF секілді банк ұйымдары қосылып үлгерді. Осылайша қазір біріңғай QR төлем жүйесінде 12 банк тіркелді. Төлем нарығындағы ең басты жаңалық – 2026 жылдың 19 шілдесіне дейін ең ірі инфрақұрылымдық ойыншы Kaspi Bank-тің жүйеге толық қосылуы болмақ.. Бұл қадам нарықты бір стандартқа келтіріп, жобаның 100% жұмыс істеуіне жол ашады

Осыдан кейін нарықтағы процестер жеделдеп, сәуір айында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов банктер техникалық мәселелер мен деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды аяқтап қалғанын мәлімдеді.

Ұлттық банктің сол кездегі жоспары бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін елдегі барлық екінші деңгейлі банктер жүйеге қосылып, тұтынушылар толыққанды қызмет алуға тиіс еді.

Алайда интеграция процесінің баяулауына байланысты 2026 жылдың наурыз айында мемлекет басшысы ірі банктерге банкаралық QR-төлемдер мен цифрлық теңгені енгізуді кешіктіргені үшін қатаң ескерту жасады.

Сондай-ақ оқыңыз