Биржада доллардың бағасы 495 теңгеге дейін көтерілді

Жарияланды 2 Маусым 2026 12:24

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі
Доллар бағамы / фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

2 маусымда сағат 11:55-те доллардың бағасы биржада 494,56 теңгеден саудалануда. KASE валюта биржасында таңғы саудадағы доллардың ең жоғары бағасы 495,53 теңгеге дейін көтерілді.

Дәл осы уақытта Астана мен Алматы қаласындағы айырбас орталықтары долларды 493-495 теңгеден қабылдап алса, 496-497 теңгеден сатуда.

Бас банк осы жұмада базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін шығармақ.

Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, жоғары базалық мөлшерлеме инфляциялық қысымды тежеуде маңызды рөл атқарып отыр. Мамандардың пікірінше, жылдық инфляцияның бәсеңдеуі аясында ол теңгедегі құралдардың нақты табыстылығын оң деңгейде сақтап, халықтың ақша жинауына түрткі болады әрі шамадан тыс тұтынушылық сұранысты шектейді. Сонымен қатар, мөлшерлеменің қазіргі деңгейі теңге бағамына төнетін тәуекелдерді азайтады.

Еске сала кетейік, Ұлттық банк маусым айында да мемлекеттік бюджет қажеттіліктерін өтеу үшін Ұлттық қордан тағы 200-300 миллион доллар көлемінде валюта сату және «айналау» операцияларын дәл мамыр айындағыдай көлемде жалғастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз