Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне ауқымды концерт өтеді

Жарияланды 3 Маусым 2026 15:09

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: Screenshot

Алматы қаласында мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған ауқымды мерекелік Open-Air концерт ұйымдастырылады. Іс-шара заманауи фестиваль форматында өтіп, әртүрлі буын өкілдерін бір алаңға тоғыстырады.

Мерекелік концертте қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. Сахна төрінде Айдар Тұрғанбек, Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа, Тұрар, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Баянсұлу, Диная және Ернар Жұматаев сияқты танымал әншілер өнер көрсетеді. Сонымен қатар кешті «КешYOU», «Алашұлы» және «Абырой» топтары қыздыра түспек.

Ұйымдастырушылар барша алматылықтар мен қала қонақтарын мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік кешті бірге тамашалауға шақырады.

Мерекелік шара Алматы қаласындағы Көк-Төбе демалыс саябағында өтеді. Концерт 2026 жылдың 4 маусымы күні сағат 17:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін маусым айында өтетін фестивальдерді жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз