Елордада Astana Half Marathon кезінде қай көшелер жабылады

Жарияланды 3 Маусым 2026 16:31

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
марафоны
Астанада 7 маусымда көшелер жабылады / unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Елордада 7 маусымда Astana Half Marathon өтеді. Оған 30-дан астам елден шамамен 7 мың адам қатысады.

Астана әкімдігі марафонға байланысты қай көшелер жабылатынын жариялады.

6 маусым сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.

Жарыс өтетін 7 маусымда мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:

  • Сарайшық көшесі (Р. Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;
  • Д. Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен «Қазақ радиосы» көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • «Қазақ радиосы» көшесі (Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • Достық көшесі («Қазақ радиосы» көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;
  • Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;
  • Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;
  • Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;
  • Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;
  • Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И. Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;
  • Панфилов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;
  • Нәжімеденов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;
  • Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.

Көшелер марафонға қатысушылардың жолдан өткеніне қарай кезең-кезеңімен ашылады

Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

Айта кетейік, Астанада 9 тамызда «Juregimnin jenimpazy» қайырымдылық фестивалі өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз