Студенттер арасындағы жылдың басты шахмат турнирі Қазақстанда өтеді – Тимур Турлов

Жарияланды 4 Маусым 2026 15:03

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Шахматы Фото: Курсив
FIDE World University Team Chess Championship 2026 тамызда Алматыда өтеді/фото: Курсив

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) қолдауымен 2026 жылдың ең ірі турнирлерінің бірі – университеттер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалы Қазақстанда өтеді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов мәлімдеді.

Турлов өзінің авторлық бағанында FIDE World University Team Chess Championship 2026 тамызда Алматы қаласында өтетінін хабарлады. Айтуынша, әлемдік шахматтағы кәсіби қауымдастық мұны 2021 жылдан бері күтіп келеді.

«2021 жылы пандемия кезінде 1st World University Online Rapid Championship өткен болатын, бірақ ол толығымен онлайн форматта ұйымдастырылды. Енді бұл формат нағыз жаһандық ауқымда қайта жаңғырып, шешуші кезеңін өткізу бізге сеніп тапсырылды», – деп жазды федерация президенті.

Айтуынша, мамырда Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка және Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындары бақ сынаған іріктеу кезеңдері өтті.

Нәтижесінде алғашқы 8 қатысушы анықталды: Сент-Луис университеті, Далластағы Техас университеті, Орал тау-кен университеті, Афины ұлттық техникалық университеті, Вебстер университеті, Чили университеті, Гунадарма университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Қазақстан шахмат федерациясы президенті қалған 8 қатысушының тікелей wild card алатынын атап өтті. Олар: Кембридж университеті, Оксфорд университеті, Гарвард университеті, Пекин университеті және республикалық іріктеу арқылы жолдама алған Қазақ ұлттық спорт университеті. Тағы үш wild card иегерінің аты кейінірек жарияланады.

Турловтың айтуынша, мұндай деңгейдегі университеттік турнир спортта өзін көрсету және медаль жеңіп алу мүмкіндігі ғана емес, жаңа академиялық байланыстар орнатуға және бірлескен жастар жобаларын іске қосуға мүмкіндік береді.

«Студенттік шахматты «ойынға» қайта қосуға және осы жаһандық үдерісті Қазақстанның белсенді рөлін айқындауға бұл таптырмас мүмкіндік екені қазірдің өзінде түсінікті», – деп түйіндеді Турлов.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы ауылында орналасқан Жәңгір Хан атындағы мектептің 1Б сынып оқушылары FIDE байқауында бірінші орын алды.

Сондай-ақ оқыңыз