Димаштың швейцариялық жанкүйері әншінің Ақтөбеде оқыған мектебіне барды

Жарияланды 11 Маусым 2026 10:58

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы шекара танымайды. Оның талантына бас иіп, қазақ еліне ғашық болған шетелдік жанкүйерлерінің бірі – Эстер Ульманн Димаштың білім алып, тәрбие алған қара шаңырағы Ақтөбедегі №32 мектеп-гимназиясына арнайы ат басын бұрып келді.

Сапар барысында швейцариялық қонақ гимназия ұжымымен және оқушылармен кездесті. Ол өнер иесінің балалық шағы өткен, қанаты қатайған білім ордасының тыныс-тіршілігімен жақыннан танысты.

Эстер ханымға Димаштың оқушы кезіндегі өмір жолы, оның алғашқы қадамдары мен қызықты сәттері туралы тың әрі құнды мәліметтер ұсынылды. Эстер бұған дейін Қазақстанға бес рет келген, үш рет Астанаға екі рет Алматыға, сондықтан бұл жолы арнайы әншінің туған жеріне баруды жөн көрген.

Айта кетейік, Эстер Ульман бұған дейін өзінің жүрекжарды сезімдері мен әсерлерін жинақтап, «Димаш Құдайберген мен Қазақстан менің өмірімді қалай өзгертті» атты арнайы кітап жазып шығарған. Дәл осы кітабын мектептің кітапханасына да тарту етті.

Сондай-ақ оқыңыз